Энергия үнемдеуді ілгерілету жастардың қолында Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері арасында жаңа технологиялар қалай ілгерілеуде? Көп пәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері үшін үйді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндету несімен пайдалы? Жарналар жөнінде…
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс.
 

Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды

7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде өткен Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды.

Парламенттік тыңдауда халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесін Парламент депутаттары, Үкімет пен Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің, ТКШ ұлттық палатасының, үкіметтік емес ұйымдардың, «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» және коммуналдық шаруашылықтар мен бірқатар құрылыс компанияларының өкілдері талқылады.

Бағдарламада елді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың басым міндеттерінің бірін шешу үшін тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдаудың кешенді шаралары қарастырылған.

Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде мемлекеттік тұрғын үй саясатының басты мақсаты азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады.

Парламенттік тыңдауға қатысушыларға Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин:

«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұрғын үй мәселесін шешудің барлық жолдарын көрсетті, барлық әлемдік тәжірибені енгізді. Оған мемлекет тарапынан тиісті қаражат та бөлініп жатыр. Ендігі мақсат – осы үлкен бастаманың өз уақытында, сапалы және тиімді орындалуына қол жеткізу», деп талқыланатын сұрақтың, барлық елдерде, барлық мемлекеттер де өте маңызды екендігін, бұл біздің Қазақстан үшін де әрдайым бірінші кезекте тұратын негізгі мәселе болып табылатындығын мәлімдеді.

Бағдарлама негізінде тек жаңа үйлер ғана салынбайды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жақсартуға, ескі үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге де назар аударылатын болады.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру орташа тап пен халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына арналған тұрғын үй құрылысын: мемлекет қаражаты есебінен коммуналдық тұрғын үй мен қолжетімді тұрғын үйдің құрылысын, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысын дамыту және жеке капитал инвестицияларын тарту есебінен тұрғын үйдің құрылысын ынталандыруға бағытталған шараларды қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

Тұрғын үй мәселесін қалай шешуге болады? Парламенттік тыңдауда осы сұраққа Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Елеуұлы Көшербаев,  Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Кеңесұлы Нокин,  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, тыңдауды дайындау жөніндегі уақытша арнайы комиссияның басшысы Майра Айсина өздері білетін тәжірибелерімен бөлісті.

Аталған тақырыпқа Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Рауан  Шаекин, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Бектас Мұхамеджанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айгүл Соловьева мен Николай Логутов, «Қазақстан Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева, «ASI» инвестициялық құрылыс компаниясы» ЖШС директоры Сергей Котляров, Қазақстанның Азаматтық Альянсының бірінші вице-президенті Салтанат Рахымбекова, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Болат Палымбетов, Астана қаласы Күйші Дина көшесі бойындағы № 37 үй тұрғындары кеңесінің төрайымы Ольга Кекк, Нейрохирургия республикалық ұлттық орталығының бас маманы Боранқұл Қанафин жарыссөзге шықты.

Парламенттік тыңдауға қатысушылар айтылғандарды назарға ала отырып, Мемлекет басшысының қазақстандықтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары негізінде тұрғын үй мәселелерін дұрыс шешу халықтың тұрмыс сапасын айтарлықтай арттыруға, Қазақстанда әлеуметтік тұрақтылықты, экономикалық және демографиялық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін ескере отырып Парламент, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы ұйымдардың азаматтардың тұрғын-үй жағдайын шешу мәселесіне қатысты тиімді істер атқаруын ескеріп, нақтыланған ұсыным жасайтын болды. Оны толықтыру парламенттік тыңдауды дайындау жөніндегі уақытша арнайы комиссияға тапсырылды.