Энергия үнемдеуді ілгерілету жастардың қолында Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері арасында жаңа технологиялар қалай ілгерілеуде? Көп пәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері үшін үйді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндету несімен пайдалы? Жарналар жөнінде…
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс.
20 Март 2012
 

«Астана-Қызмет» сервистік компаниясы» ЖШС

«Астана-Қызмет» басқарушы компаниясы тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 2011 жылы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен құрылды.

«Астана-Қызмет» басқарушы компаниясы қызметінің негізгі мақсаты көп пәтерлі тұрғын үйлерді (кондоминиум объектілерін) күтіп ұстауға, пайдалануға және жөндеуге қатысты көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару органы (үй басқарушысы, ПИК және т.б.), сервистік компаниялар мен мердігер ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда жүйелі тәсіл әзірлеу және оны енгізу болып табылады.

«Астана-Қызмет» басқарушы компаниясының негізгі міндеттері:

> кондоминиум объектісін тиімді басқару жүйесін енгізу;

> кондоминиум объектісін күтіп ұстау және пайдалану жөніндегі қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;

> жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен оларға мониторинг жүргізу жүйесін құру болып табылады.

«Астана-Қызмет» компаниясы басқарушы компаниялардың тұрғын үй иелерімен, кондоминиум объектілерін басқару органдарымен және мердігер ұйымдармен кондоминиум объектілерін басқару және күтіп ұстау жөніндегі бірыңғай стандарттар мен регламенттеуші құжаттарға негізделген өзара іс-қимылы моделін әзірлеп, сыннан өткізеді.

«Астана-Қызмет» БК үйлерге қызмет көрсету мен оларды пайдалану жөніндегі компания қызметі кәсіби деңгейде жүзеге асырылатын, қызмет көрсету сапасы тұрғын үй иелерінің сұраныстары мен мүмкіндіктеріне сай келетін жаңа әдістер мен басқару нысандарын пайдалануды жоспарлауда. Модельдік компания қызмет көрсеткен кездегі тұрғын үй иелері үшін негізгі артықшылық ортақ мүлікті күтіп ұстау үшін енгізетін қаражаттарының жұмсалуын бақылай алу мүмкіндігінің болуымен өрнектеледі. Бұл тұрғындар кеңесі мен компанияның байқау кеңесінің өзара ашық іс-қимылы арқасында жүзеге аспақ.

«Астана-Қызмет» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директоры

Нұржан Батырбекұлы Исламбеков

1977 жылдың 25 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысында туылған.
Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Ақмола облысы бойынша Салық комитетінің инспекторы лауазымынан бастаған.
2003 жылы — Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің бөлім бастығы
2003 жылы — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің бөлім бастығы
2007 жылы — «ҚазАгроИнновация» АҚ (Астана қ.) менеджері
2009 жылы — «Инфрақұрылымды басқару жөніндегі орталық» ЖШС (Астана қ.) бас директоры
2010 жылы — «Агро-Консалтинг-К» АҚ-ның (Қарағанды қ.) департамент директоры
2011 жылы — «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-ның (Астана қ.) департамент директоры
2012 жылы — «Астана-Қызмет» СК» ЖШС бас директоры

 

Асхат Мұратұлы Сүлейменов

1988 жылы туылған.

2009 жылғы наурыздан 2010 жылғы шілдеге дейін – «Назир-НС» ЖШС атқарушы директоры;

2010 жылғы шілдеден 2011 жылғы қазанға дейін – «Агро-Консалтинг-К» АҚ Жобаларды басқару департаменті директорының орынбасары;

2011 жылғы қазаннан желтоқсанға дейін — «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Инвестициялық жобалар департаментінің бас маманы.

2011-2012 жж.. — «Астана-Қызмет» ЖШС Бас директоры қызметін атқарды.

2012 жылдың маусым айынан бастап «Астана-Қызмет» ЖШС Бас директорының орынбасары№

 

Байланыстар:

Қазақстан Республикасы

Астана қ., Сығанақ к., 29, 18-қабат

Тел: (7172) 79 64 03, +7 701 954 15 79

e-mail: [email protected]