Энергия үнемдеуді ілгерілету жастардың қолында Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері арасында жаңа технологиялар қалай ілгерілеуде? Көп пәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері үшін үйді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндету несімен пайдалы? Жарналар жөнінде…
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс.
20 Март 2012
 

Халықаралық ынтымақтастық

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ халықаралық ынтымақтастығының негізгі міндеттері халықаралық ұйымдармен, қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасау, озық халықаралық тәжірибені зерделеп, ТКШ саласына енгізу, қаржыландыру көздерін іздестіру және инвесторларды тарту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және оларға мониторинг жүргізу болып табылады.

«ТКШ ҚазОрталығы» ЖШС халықаралық ұйымдармен және қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасау міндеттері шеңберінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  • халықаралық қаржы институттарымен және ұйымдармен тәжірибе және ақпарат алмасу;
  • Қоғамның халықаралық ынтымақтастығын дамыту саясатын қалыптастыру;
  • халықаралық әріптестермен екіжақты және көпжақты кездесулер ұйымдастыру және өткізу;
  • ТКШ мәселелері жөнінде халықаралық шарттарға, негіздемелік келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша, сондай-ақ халықаралық конвенцияларды ратификациялау бойынша инвестициялар тарту және халықаралық тәжірибені енгізу үшін қажетті ұсыныстар қалыптастыру.

Әлемдік озық тәжірибені зерделеу және оны ТКШ саласына енгізу мақсатында компания халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының жобаларына қатысады, шетелдік озық тәжірибеге талдау жүргізіп, оны енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

Сонымен қатар, Орталық қызметінің аса маңызды бағыты қаржыландыру көздерін іздестіру және жобаларға инвестициялар тарту болып табылады. Бұл бағытта компания мынадай міндеттерді жүзеге асырады:

  • қарыз, грант қаражатын тарту үшін халықаралық қаржы институттарының талаптарын зерделеу;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • инвесторлар тарту бойынша әдістемелік және консультациялық база құру;
  • қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік техникалық құжаттарды талдау және оларды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына инвесторлар тарту бөлігінде өзгерту бойынша ұсыныстар дайындау;
  • әлеуетті инвесторларды іздестіру;
  • қайтарымды қаржыландыру механизмдерін әзірлеп, енгізу;
  • саланы инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізу және оларға қатысу.

• поиск потенциальных инвесторов;

Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және оларға мониторинг жүргізу мақсатында компания инвестициялар тарту мақсатында сала кәсіпорындарына арналған инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуге қатысады. Сонымен бірге, Қоғам инвестициялық жобаларды іріктеу бойынша өлшемдер әзірлейді, инвестициялық жобаларды қаржыландыру схемаларын дайындауға атсалысады, сондай-ақ қолданыстағы жобаларға мониторинг жүргізеді.

Қазіргі таңда «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ World Bank (Бүкіләлемдік банк), АДБ (Азия Даму Банкі), ЕДҚБ (Еуразия Даму және Қайта құру Банкі), БҰҰДБ (Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы) тәрізді халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтаса қызмет етеді.

Сонымен қатар, компания өзінің инвестициялық қызметін жақсарту, ТКШ саласындағы жобаларды қаржыландыру үшін әріптестер тарту бойынша белсенді жұмыс істеуде.