Энергия үнемдеуді ілгерілету жастардың қолында Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері арасында жаңа технологиялар қалай ілгерілеуде? Көп пәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері үшін үйді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндету несімен пайдалы? Жарналар жөнінде…
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс.
20 Март 2012
 

Интерактивті анықтама

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ ақпараттық технология саласындағы әдіснамашылар мен мамандарды тарта отырып, заманауи интернет технологиялары базасында Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың барлық жұмыс істеу аспектілері бойынша интерактивті анықтамалық-ақпараттық жүйе құру жобасын іске асыруды жоспарлауда.

Оның ішінде:

-       ҚР өңірлері бойынша ПИК, басқарушы және сервистік компаниялардың дерекқорын құру;

-       ТКШ саласындағы тауарлар, жұмыстар және қызметтер ұсынушылардың (көрсетушілердің) дерекқорын құрып, оны толтыруға ТКШ жабдықтау нарығының субъектілерін тарту;

-       өңірлік маңызды бар жеке-дара ақпараттық жүйелерді «бір терезе» қағидаты бойынша бірыңғай қол жеткізу нүктесі бар бірыңғай кеңістікте біріктіру;

-       ТКШ объектілерінің жай-күйіне орталықтандырылған «әлеуметтік» мониторинг жүргізу үшін жағдай туғызу.