Энергия үнемдеуді ілгерілету жастардың қолында Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері арасында жаңа технологиялар қалай ілгерілеуде? Көп пәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері үшін үйді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндету несімен пайдалы? Жарналар жөнінде…
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс.
20 Март 2012
 

Коммуналдық сектор

Коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі

Жылумен жабдықтау

ҚР СА-ның деректері бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы 11,7 мың км. Бұл ретте желілердің жалпы ұзындығының 63 %-ы ауыстыруды және жөндеуді талап етеді. Жылу желілері қатты тозғандықтан жылу энергиясы ысырабының артуына алып келеді, ол 2009 жылы ҚР СА-ның деректері бойынша 11,6 млн. Гкал немесе босатылған жылу энергиясының жалпы санының 17,5 %-ын құрады. Шамамен жылу энергиясының 30 %-ын қуаты 100 Г кал/сағ. кем шағын қазандықтар өндіреді. Осы жылу көздері шамамен 60 % пайдалы әсер ету коэффициентімен және отынның жоғарғы үлестік шығыстарымен сипатталады, бұл жылына шартты отынның 645 300 тоннасын немесе 1,75 млрд. теңгені артығымен жұмсауға, сондай-ақ қоршаған ортаға қосымша зиянды заттар шығаруға алып келеді.

 

Электрмен жабдықтау

Электрмен жабдықтау саласында барлық коммуналдық сектордың ішінен жөндеуді талап ететін желілердің үлесі өте жоғары – 73 % немесе 145,6 мың км жөндеуді талап етеді.

Бұл салада есептеу құралдарымен қамтамасыз ету деңгейі коммуналдық шаруашылықтың басқа салаларымен салыстырғанда мейлінше жоғары (88,5 %), олардың көпшілігі дәл есептеу сыныбы төмен ескі үлгіде.

Жұмыс істеп тұрған электр жабдықтарының (трансформаторлық қосалқы станциялардың, үйдің ішіндегі тарату құрылғыларының, желілердің) технологиялық артта қалуы, сондай-ақ олардың энергетикалық тиімділігінің төмен болуы электр энергиясының техникалық және коммерциялық ысырабыңа себеп болып табылады, бұл жаңа технологияларды (энергетикалық тиімді жабдықтарды, аспалы оқшауланған сымды, ресурстар мен энергияны есепке алатын автоматтандырылған жүйелерді) жеткілікті қолданбаудың салдары болып табылады.

Газбен жабдықтау

Газ желілерінің жалпы ұзындығы тұтастай республика бойынша 27,3 мың км болады. Бұл ретте желілердің жалпы ұзындығының 54 %-ы аустыруды және жөндеуді талап етеді.

ҚР СА-ның деректері бойынша 2009 жылы республика бойынша 594 елді мекен табиғи газбен газдандырылды, бұл елді мекендердің жалпы санының 8,3 %-ы, 16 елді мекен сұйытылған газбен газдандырылды, бұл елді мекендердің жалпы санының 0,2 %-ы болады.

Газбен жабдықтау жүйесінде тұтынылған қызметтерді есепке алу толық көлемде жүргізілмей отырғанын атап өткен жөн. 90-шы жылдарда орнатылған есептеу құралдары негізінен сертификатталмаған және дәл есептеу талаптарына сәйкес келмейді. Газ бөлу жүйелеріңің қызметін инспекциялау жүйесі жолға қойылмаған және газ бөлу қондырғыларына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізілмейді.

Көп қабатты (2 қабаттан артық) үйлерде баллондағы газды пайдалану практикасын пайдалануды тездетіп шешу талап етіледі, бұған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің талаптары бойынша үзілді-кесілді жол берілмейді.

Қатты тұрмыстық қалдықтар

Қазақстан  Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің деректері бойынша Қазақстан аумағында 22 млрд. тонна қалдықтар, оның ішінде 96 млн. тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып қалған. Бұл ретте тек қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі жылына 3,8 млн. тоннаға артуда. Іс жүзінде олардың барлығы компоненттерге бөлінбестен тасымалданады және ашық қоқыс орындарына жиналады. Сұрыптамастан қоқыс полигонына тастау қоршаған ортаның жоғары дәрежеде ластануына алып келеді.

Қолда бар тарифтер ескірген нормативтер негізінде есептелген және халықаралық стандарттарға сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және көму шығындарын жаппайды. Коммуналдық қалдықтарды тасып шығаруға арналған орташа айлық тариф адам басына шаққанда 90,4 теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 4 525 қалдықтарды жайластыру орындары (полигондар) пайдаланылады, оның ішінде 307 полигон немесе 6,8%-ы ғана заңдастырылған.

Жеткілікті инфрақұрылымның және қалдықтарды жинау мен тасып шығаруды тиісті әкімшілендірудің болмауы елді мекендерде табиғи қоқыс орындарының пайда болуы мен оларды жоюға жергілікті бюджеттен жыл сайын бөлінетін шығындардың себептері болып табылады.

Адам басына шаққандағы қалдықтардың жиналу нормалары нақты көрсеткіштерге сәйкес келмейді, өйткені қатты тұрмыстық қалдықтар көлемдері абсолютті шамада да, адам басына шаққанда да үздіксіз өсіп келеді.

Коммуналдық инфрақұрылымның негізгі проблемалары:

–инженерлік желілер мен құрылғылардың қатты тозуы;

–ресурстарды тұтынуды есептеу құралдарымен қамтамасыз етудің төмен деңгейде болуы;

–саланың технологиялық жағынан артта қалуы, оның ішінде инновациялық энергия мен ресурс үнемдеу технологиялары мен іс-шараларын қолдану практикасының әлсіз болуы;

–желілер мен құрылғыларды қайта жаңарту жөніндегі жобаларды бюджеттен тыс көздерден қаржыландыру көлемінің жеткіліксіз болуы;

–инвестициялық тартымдылықтың төмендігі;

–қолда бар қуаттылықтар мен техникалық-технологиялық шешімдердің теңсіздігі.