Энергия үнемдеуді ілгерілету жастардың қолында Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері арасында жаңа технологиялар қалай ілгерілеуде? Көп пәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері үшін үйді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндету несімен пайдалы? Жарналар жөнінде…
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс.
20 Март 2012
 

Энергия тиімділігі және ресурс үнемдеу

Қазіргі таңда Қазақстанда өнеркәсіптің барлық салаларында дерлік жабдықтарды жаңғыртуға аса зор қажеттілік туындап отыр. Еуропа қайта құру және даму банкінің деректері бойынша Қазақстанның өнеркәсіптік секторы энергия сыйымдылығы жағынан ЕО елдеріндегі осы тәрізді көрсеткіштерден бес есе көп. Энергия ресурстарының өнімсіз шығындарының айтарлықтай көлемі көліктерге тиесілі. Жылу, электр энергиясының үлкен техникалық және коммерциялық шығындары тұрғын үй-коммуналдық және қоғамдық секторларда орын алады.

Соңғы жылдары энергия үнемдеу проблемасы өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл энергетикалық ресурстардың шектеулілігімен, энергия құнының жоғарылығымен, оны өндіруге қатысты қоршаған ортаға кері әсерімен түсіндіріледі. Энергия үнемдеу технологияларын іздеу біздің елімізде де, әлемде де алдыңғы қатарға шығып отыр. Оларды қолдану жылу және электр энергиясын үнемдеудің тиімді әдісі болып саналады. Энергетикада энергия үнемдеу технологияларын қолданудың негізгі мақсаты тұтынуды оңтайландыру және шығындарды төмендету болып табылады.

Жалпы республикада коммуналдық инфрақұрылым желілері мен құрылыстарының техникалық жай-күйі мүшкіл халде – олардың көбі жөндеуді немесе ауыстыруды қажет етеді.

Мысалы, жөндеуді қажет ететін желілер мен құрылыстардың үлесі жылумен жабдықтауда 63%-ды, электрмен жабдықтауда 73%-ды, газбен жабдықтауда 54%-ды құрайды.

Көп пәтерлі тұрғын үйлердің техникалық жай-күйі мынадай: кондоминиум объектілерінің 32%-ы немесе 50 млн. шаршы метрі күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуді, ал 2%-ы немесе 3,8 млн. шаршы метрі бұзуды қажет етеді.

Энергияны барынша сақтауға және үнемдеуге ТКШ-да энергия тиімділігін арттыру бойынша бірқатар іс-қимылдарға бару көмектеспек.

Жылу желілерінің энергия тиімділігін арттыру

- қайта төсеу кезінде құбырлардың қималарын оңтайландыру;

- көбікті полиуретан оқшаулағышы бар «құбырдағы құбыр» құбырларын төсеу;

- оқшаулағыштарды металл шағылыстырғышы бар көбікті полиуретанды минералдық матамен ауыстыру;

- металл құбырларды асбоцементті құбырлармен алмастыру;

- металл құбырларды электрлі-химиялық қорғау;

- құбырлардың жай-күйін қашықтықтан тексеру жүйелерін қолдану;

- жылутасығыштың температурасын төмендетудің негізделген режимдерін қолдану;

- жерасты жылу трассаларында ыза және сарқынды сулардың сорылуын болдырмау;

- ОЖБ-да жылуесептегіштер орнату;

- ОЖБ-дағы тиімділігі аз қаптамалы жылу айырбастау құбырларын пластинка тәрізді құбырлармен алмастыру;

- су тамшылауды жою;

- желілерде оңтайлы қысымды ұстап тұру үшін жиілікпен реттелетін жетектерді орнату (электр энергиясын 20-25%-ға үнемдейді және апаттылық деңгейін төмендетеді);

- тиімділігі шамалы және жүктемесі аз қазандықтарды жабу;

- ОЖБ ғимаратының жылу режимдерін оңтайландыру және кері желілік су мен сорып желдету жүйесінің жылуын қайта пайдалану;

- энергиялық тиімді жарықтандыру (қыздыру шамдарын люминесцентті және жарықдиодты шамдарға алмастыру, терезелерді жуу, қабырғаларды ашық түстерге бояу) жүйесін енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

- жүктелген жылу трассаларына жылу беруге арналған реттелетін шағырлар орнату;

- жылудың жай-күйі мен берілуін тексеруге, сондай-ақ жылу жіберуді реттеуге арналған жылжымалы өлшем кешендерін пайдалану;

- ғимараттардың жылу берілетін кірістерінде жылуесептегіштер орнату;

- ОЖБ-ны диспетчерлеудің бұталық автоматтандырылған кешендерін енгізу;

- жылу желілерін кешенді гидравликалық теңгерімдеу.

 

Электр желілері мен жарықтандыру жүйесінің энергия тиімділігін арттыру

- трансформаторлардың жеткілікті жүктелмеуін (30%-дан төмен) болдырмау;

- трансформаторлардың артық жүктелуін болдырмау;

- таратушы желілердің ұзын учаскелерінің артық жүктелуін болдырмау;

- тұтынушыларда реактивті қуат компенсаторларын орнату;

- реактивті қуаттың орнын толтыру үшін таратылған энергетикалық торды енгізу;

- жерасты магистралдарында тоқ қашуды болдырмау;

- ЭБЖ-де оқшаулағыштарды дер кезінде ауыстырып тұру;

- электр энергиясының сапасын арттыру (экрандауды, FORCE энергия үнемдеу жүйесін қолдану)

- асинхронды қозғалтқыштардың жүктемесін арттыру (жүктеме 50%-дан артық болуы тиіс);

- аз жүктелген режимдер кезінде «үшбұрыш» қосылысынан «жұлдыз» қосылысына автоматты қосқышты пайдалану

- асинхронды қозғалтқыштарды синхронды қозғалтқыштармен ауыстыру;

- желілердің энергия объектілерін желдету жүйелерінде жиілікпен реттелетін жетектер қолдану;

- люминесцентті шамдарды қоректендіруді жиілікпен реттегіштердің көмегімен жарықтандырудың берілген деңгейін автоматты ұстап тұру;

- сынапты люминесцентті шамдарды натрий және металл-галогенді шамдармен ауыстыру;

- көшелік және кезекшілік жарықтандыру үшін жарықдиодты шамдар қолдану;

- шамдардың тиімді электрлік-техникалық компоненттерін қолдану;

- шағылыстырғыштары бар жарықтандыру арматурасын пайдалану;

- жарықтандыру деңгейлері бойынша аймақтық ажыратуға арналған аппаратура қолдану;

- кезекшілік жарықтандыруға арналған автоматты ажыратқыштар қолдану;

- автоматты ажырату шамдары мен датчиктерінің мөлдір элементтерін ұдайы тазартып тұру;

- өндірістік үй-жайларда терезе әйнектерін үнемі тазартып тұру және қабырғаларды сырлау кезінде ашық түстер қолдану;

- қараңғы үй-жайларды көмескі жарықтандыру үшін жарық жетекшілер пайдалану;

- желілердің энергия теңгерімін әзірлеу және ұтымсыз энергия шығындарын азайту үшін электр тұтыну режимдерін тұрақты бағалап отыру;

 

 Сумен жабдықтау желілерінің энергия тиімділігін арттыру

- су тарту станцияларында өз қажеттіліктері үшін су пайдалануды қысқарту;

- су тартқыштарда су айналымы жүйелерін енгізу;

- сүзгілерді жуу режимдерін оңтайландыру;

- сумен-ауамен жуу технологиясын қолдану;

- кеңейтілген қосылыстарға жөндеу жиынтықтарын орнату (кеңейтілген жерге жоғары саңылаусыздық дәрежесін береді)

- жылу пункттерінің, сорғы станцияларының сорғыларында жиілікпен реттелетін жетектер пайдалану;

- металл құбырларды полиэтилен құбырларға алмастыру (кодталған құбырларда артық қысымды ұстап тұруда шығындарды азайту);

- болат құбырларды электрлік-химиялық қорғау жүйелерін қолдану;

- жапқышпен реттелетін және сақтандырғышты заманауи арматура енгізу;

- гидравликалық соққылардың сильфонды компенсаторларын қолдану;

- су құбырлары желілерінің тозығы жеткен учаскелерін санациялау;

- сумен жабдықтау жүйесінің жұмысын оңтайландыру. Желілерді басқаруды диспетчерлеу және автоматтандыру;

- желі тармақтарында желілік қысым датчиктері мен реттегіштерін орнату

- орталықтандырылған ЫСЖ схемасын циркуляциялықтан циркуляциялық-жоғарылатуға өзгерту;

- су тұтыну объектілерінің кірістеріне су шығындарын есептегіштерді орнату;

- проблемалы тармақтарда технологиялық су өлшегіштер орнату.

 

 ТКШ-да энергия үнемдеудің «бейдәстүрлі» тәсілдері

- жылыту және ЫСЖ үшін жер қабаты сулары мен геотермальді көздердің жылуын пайдалану;

- қосымша ыстық сумен жабдықтау және ғимараттарды жылыту үшін күн коллекторларын пайдалану;

- жылуды маусымдық және тәуліктік аккумуляциялау жүйесін құру;

- пайдаланылған, қысымы төмендеген будың әлеуеті төмен жылуын кәдеге жарату кезінде тиімді жылуалмастырғыштар ретінде бу ағынды инжекторларды пайдалану;

- циркуляциялық сорғылардың орнына бу ағынды инжекторларды пайдалану;

- жылыту және ЫСЖ үшін:

кәріздік ағындар мен өндірістік су сарқындыларының жылуын;

ғимараттардың жертөле үй-жайларының жылуын;

күн коллекторларының жылуын;

сорып желдету жүйесінің пайдаланылған жылуын;

жылыту жүйесі кері желілік суының жылуын;

теңіз және ашық су айдындары суының жылуын алатын жылу сорғыларын пайдалану;

- табиғи газ бен жылумен жабдықтаудың орнын баса тұру үшін газ-генераторлық қондырғылар қолдану;

- шахта метанын пайдалану;

- пеллет, шымтезек брикеттерін өндіру және оларды газ генрациясы мен жылыту үшін пайдалану;

- елді мекендерді жылумен жабдықтауды ұйымдастыру үшін таратылған энергеика жүйелерін пайдалану;

- таратылған энергетика жүйелерінде қоқыс өртеу зауыттарын пайдалану;

- қар еріту қондырғылары үшін кері желілік су жылуын пайдалану.