Энергия үнемдеуді ілгерілету жастардың қолында Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері арасында жаңа технологиялар қалай ілгерілеуде? Көп пәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері үшін үйді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндету несімен пайдалы? Жарналар жөнінде…
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс.
20 Март 2012
 

Басқарма

Басқарма төрағасы

Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков

Экономика ғылымдарының докторы

Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков 1964 жылы 19 шілдеде Қарағанды облысы Жаңарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген.
1981 жылы Ю.А. Гагарин атындағы Жаңаарқа орта мектебін алтын медальмен, 1986 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (Алматы қ.) үздік бітірсе, 1992 жылы Ауыл шаруашылығын электрлендірудің бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институты (Мәскеу қ.) аспирантурасының күндізгі бөлімін, 2001 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тамамдаған. Инженер-механик, инженер-зерттеуші, заңгер. Экономика ғылымдарының докторы, қырықтан аса ғылыми жарияланымның авторы.

Еңбек жолын 1986 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтында кіші ғылыми қызметкер лауазымынан бастаған.

1987-1989 жылдары Жаңаарқа ауыл шаруашылығын механикаландыру және материалдық-техникалық жабдықтау кәсіпорнында аға инженер-технолог болып жұмыс атқарды.

1989-1992 жылдары – АШЭБИ (Мәскеу қ.) аспиранты.

1992-1999 жылдары кәсіпкерлік құрылымдарды, Жезқазған қаласындағы облыстық Шағын бизнесті қолдау орталығын басқарды.

1999-2002 жылдары Қарағанды облысы Сәтпаев қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау, АӨК мен ауылдық аумақтарды дамыту, Кедендік-тарифтік саясат және БСҰ, Ауыл шаруашылығы өнімі нарықтарын реттеу сияқты бірқатар департаменттердің директоры болып жұмыс істеді.
2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры.

2007-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «ҚазАгроИнновация» АҚ Басқарма төрағасы.

2009 жылдың сәуір айынан бастап – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі.

2009 жылдың қараша айынан бастап – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне қарасты «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы.

2009 жылдың желтоқсан айынан бастап 2011 жылға дейін – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2011 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жанындағы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарады.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Тыңға 50 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

 

Басқарма төрағасының орынбасары

Дәулет Қауазұлы Тажмакин

Дәулет Қауазұлы Тажмакин 1964 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген.

1988 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын «Экономист – ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы» мамандығы бойынша тамамдаса, 1993 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының аспирантурасын бітіріп, экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін иеленген.

1993 жылға дейін Целиноград ауыл шаруашылығы институында ғылыми зерттеулерін жалғастыра жүріп, еңбек жолын Қостанай ауыл шаруашылығы институтының Саяси экономика кафедрасында ассистент қызметінен бастады.

1993 жылы «Аспект» инвестициялық-қаржылық компаниясы» АҚ (Қостанай қ.) маркетинг жөніндегі директоры болып тағайындалды.

1994-1996 жылдары «Биржалық есептік палата» АҚ (Қостанай қ.) Басқарма төрағасы лауазымын атқарды.

1996-2002 жылдары жергілікті және мемлекеттік басқару жүйесінде, яғни, Қостанай облысы әкімінің аппаратында, Қостанай облыстық ішкі істер басқармасында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2003 жылдан 2011 жылға дейін «Астық сақтандыру компаниясы» АҚ (Астана қ.) Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

2011 жылы қарашада «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ (Астана қ.) Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

«Шаруашылық жүргізудің жаңа нысандары» (Алматы, «Қайнар», 1993 ж.) кітабының авторы. 2001 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталған.

 

 Басқарма төрағасының орынбасары

Аманжол Әлиханұлы Алпысбаев

Аманжол Әлиханұлы Алпысбаев 1971 жылы Қостанай облысы Амангелді ауданында туылған. 2002 жылы Алматы технологиялық университетін «Инженер-технолог» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазтұтынушыодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын коммерциялық салада 1993 жылы, мемлекеттік басқару жүйесінде 1999 жылы бастаған. Алкогольді өнімдер өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық басқармасының Бақылау бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді. 2001 жылы аталған ведомствоның Бақылау бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2006 жылға дейін Қостанай қ. Салық комитетінің түрлі басшылық лауазымдарында қызмет атқарды.

2006 жылы – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кеңесшісі.

2007 жылы — Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Телекоммуникация және аэронавигация саласындағы реттеу және бақылау департаменті директорының орынбасары.

2008 жылы — Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаментінің директоры.

2008-2010 жылдар аралығында — Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (Көкшетау қ.) директоры.

2010-2011 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті (Астана қ.) төрағасының орынбасары.

2011 жылғы қарашадан 2012 жылғы қаңтарға дейін «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Ғылыми-техникалық саясат департаментінің сарапшысы болып жұмыс істеді.

2012 жылғы ақпан айынан бастап «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарушы директоры-Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту департаментінің директоры болып тағайындалды.

 

Кеңесші

Жаңбыршы Есетұлы Нүркенов

1946 жылы Ақмола облысында дүниеге келген..

1970 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «ауыл шаруашылығының инженер-механигі» мамандығы бойынша бітірген.

Оқуды бітірген соң еңбек жолын Ақмола облысы Қорғалжын ауданы «Коммуна» кеңшарында бастады.

1971 жылы Қазақстан ЛКЖО Ақмола облыстық комитетінде насихат және мәдени-бұқаралық жұмыс бөлімінің хатшысы болып тағайындалды.

1974-1983 жылдары – Целиноград облысы Астрахань аудандық атқару комитеті ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы, екінші хатшы, атком төрағасы.

1997 жылға дейін «Целиноградсельхозводопровод» өндірістік бірлестігі (Астана қ.) бастығының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

1997-1999 жылдары – Есіл бассейндік су шаруашылығы бірлестігінің (Астана қ.) бастығы.

1999-2010 жылдары – «Астана Су Арнасы» МК (Астана қ.) бас директоры

2010 жылғы ақпан айынан бастап 2011 жылғы мамыр айына дейін — «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі.

 

Аппарат басшысы

Алмас Аянұлы Алин

1977 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген.

1999 жылы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін педогогикалық мамандық бойынша, 2008 жылы «Болашақ» университетін (Қарағанды қ.) «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Жоғары оқу орнын бітірген соң Қарағанды облысы Сәтпаев қаласының №5 орта мектебінде еңбек жолын бастады.

2000-2005 жылдар аралығында Сәтпаев қалалық «Оқушылар сарайы» КМҚК-де, Қарағанды облыстық мәдениет департаментінде, Қарағанды облысы Ішкі саясат департаментінде, Қарағанды облысы әкімінің апаратында және т.б. орындарға түрлі лауазымдарды атқарды.

2006-2010 жылдары – «ҚазАгроИнновация» АҚ (Астана қ.) Ұйымдастыру-кадрлық жұмыс басқармасының бастығы, кейін трансферт және коммерцияландыру жүйесін дамыту жөніндегі менеджері.

2009-2010 жылдары – «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (Астана қ.) менеджері.

2010-2011 жылдары – Қарағанды облысы әкімі аппаратының халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бөлімінің меңгерушісі.

2011 жылғы қараша айынан бастап «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Аппарат басшысы болып қызмет атқарады.