Энергия үнемдеуді ілгерілету жастардың қолында Парламенттік тыңдауда халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің бүгіні мен болашағы туралы мәселе талқыланды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері арасында жаңа технологиялар қалай ілгерілеуде? Көп пәтерлі тұрғын үйдің меншік иелері үшін үйді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндету несімен пайдалы? Жарналар жөнінде…
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс.
20 Март 2012
 

Тұрғын үй секторы

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы өзара байланысты екі негізгі элементтен тұрады:

–коммуналдық кызметтердің негізгі тұтынушылары болып табылатын көп пәтерлі тұрғын үйлерді (бұдан әрі — КПТҮ) және жеке үй құрылыстарын қамтитын тұрғын үй секторы;

–жылумен, газбен және электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін желілер мен құрылыстарды (жүйелерді) қамтитын коммуналдық сектор.

 Тұрғын үй қоры және тұрғын үй қатынастары

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша республиканың тұрғын үй секторының жалпы алаңы 270,9 млн. шаршы метрді құрайды.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша көп пәтерлі тұрғын үйге жататын тұрғын үй қорының 50,1 млн. шаршы метрі күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуді талап етеді, ал 3,8 млн. шаршы метр (2 %) бұзылуға жататын, одан әрі пайдалануға жарамсыз авариялык тұрғын үйлер.

ҚР СА-ның деректері бойынша Қазақстандағы тұрғын үй секторы босатылған жылу энергиясының шамамен 40 %-ын тұтынады. Бұл ретте, сараптамалық бағалау бойынша тұрғын ғимараттардағы босқа кеткен жылу ысырабы 30 %-ға жетеді.

2010 жылы жүргізілген зерттеулердің деректері бойынша Қазакстанда ғимараттардағы жылу энергиясының шығыны жылына бір шаршы метр үшін шамамен 240 кВт болады, бұл жылына 1 шаршы метрге 100-120 кВт деген ортаеуропалық көрсеткіштен айтарлықтай төмен.

Бүгінгі күні көп пәтерлі тұрғын үй қорын басқару және күтіп ұстау саласы негізінен пәтер меншік иелерінің кооперативтері (бұдан әрі — ПИК) қызметімен қамтамасыз етіледі, олар бір мезгілде жөндеу жұмыстары мен қызметтерінің тапсырыс беруші және мердігер бола алады, нарықта «монополиялық» жағдайға ие және кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеу бойынша сапалы қызмет көрсетуге тырыспайды.

Әділет органдарында жылжымайтын мүлік ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен кондоминиум объектілерінің пайызы төмен екені байлады. Айталық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінін деректері бойынша тіркелген кондоминиум объектілерінің саны 14687 бірлікті құрайды, бұл кондоминиум объектілерінің жалпы санының 8,5 %-ы болады (172164 бірлік).

 

Көп пәтерлі тұрғын үйлердің негізгі проблемалары:

–тұрғын үй иелерінің кондоминиум объектісін басқаруда белсенділігінің төмен болуы;

–кондоминиум объектілерін басқару органдарының қызметіне пәтер иелерінің қанағаттанбауы;

–басқару органдарының қызметінде кондоминиум объектісін басқару және күтіп ұстау функцияларын шоғырландыру;

–үйге ортақ мүлікті күрделі жөндеуге ақшалай қаражат жинақтау практикасы әлсіз;

–кондоминиум объектілерін басқару органдарына ортақ мүлікті күрделі жөндеуге қол жетімді кредит беру тетіктерінің болмауы;

–кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқару және күтіп ұстау жөніндегі қызметтерге төлемдерді жинау деңгейінің төмен болуы;

–тұрғын үй көмегін көрсету тетігін пайдаланудың жеткіліксіз деңгейі;

–энергия ресурстарын тұтыну деңгейінің жоғары болуы.